Авторы: Мэрилин Адамсон
Біздің барлығымыз өмірде табысты болып, бәрін дұрыс жасадық деген сезімде болғымыз келеді. Олай болса, басты әлемдік діндер жайлы не айтуға болады? Оларда біздің өмірімізге терең мән-мағына мен бағыт беретін бір нәрсе бар ма?
Төменде басты әлемдік діндер қарастырылады... Индуизм, «Жаңа дәуір» руханияты, Буддизм, Ислам және Мәсіхшілік.* Осылардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріліп, олардың Құдай туралы көзқарасы мен аталмыш діннен адамның өзіне не ала алатыны берілген. Мақаланың соңында Исаның тәлімінің әлемдік діндерден қалайша ерекшеленетіні түсіндірілген.
* Осы діндердің әрқайсысында ұстанатын нанымдарымен ерекшеленетін секталары бар. Осында берілген сипаттамада әрбір діннің түпкілікті нанымдарына басты назар аударылады. Басқа басты діндер, мысалы, Иудаизм, оны да талқылауға болар еді, бірақ қысқалық үшін біз жоғарыда аталған діндерді таңдап алдық.
Индуизм дінін ұстанушылардың басым көпшілігі – құдайлар мен әйел құдайлардың шексіз бейнелері арқылы көрінетін бастапқы бірліктің тіршілік Иесіне (Брахман) табынады.Бұл түрлі құдайлар пұттарғадың, ғибадатханалардың, гурулардың, өзендердің, жануарлардың және т.б. іштей кейіпіне енеді.
Индуистер осы өмірдегі өздерінің жағдайын олардың бұрынғы өмірдегі жасаған әрекеттерімен белгіленген деп сенеді. Сондықтан да, Индуизм осы өмірдегі азап пен зұлымдықтың қисынды түсіндірмесін қамтамасыз етеді. Егер адамның мінез-құлқы бұрын жаман болған болса, онда олар осы өмірде орасан зор қиындықтарды бастан кешіретін болады. Жан азабын, ауруды, кедейлікті, немесе топан су сияқты табиғат апатын әдетте адам бұрынғы өміріндегі жасаған зұлым істеріне байланысты берілген лайықты сазайы деп қабылданады.
Индуистің мақсаты – карма заңдылығынан азат болу... үздіксіз реинкарнациядан азат болу. Тек бір күні қайта туылулар кезеңінен азат болып, тыныштық табатын жан ғана маңызды болып табылады.
Индуизм адамға рухани кемелдікке жету жолын таңдауда ерік береді. Осы карма заңдылығынан азат болудың ұш ықтималды жолы бар: 1. Индуизм құдайларының біреуіне сүйіспеншілікпен беріле қызмет ету; 2. Брахман (бірлік) медитациясы арқылы танымның өсуі... яғни өмірдегі жағдайлардың шынайы еместігін, жеке тұлғаның елес екенін, тек Брахманның ғана шынайы екенін ұғыну; 3. Әртүрлі діни рәсімдер мен салт жораларды адалдықпен орындау.
«Жаңа дәуір» руханияты адамның өз күш-құдыретін немесе құдайшылығын дамытуға шақырады. «Жаңа дәуір» руханиятын ұстанушылар Құдай туралы айтқанда, адам санансынан жоғары әлемді Жаратушы Құдай тұлғасы жайында емес, қайта өздерінің ішкі дүниесіндегі жоғары сананы меңзейді. «Жаңа дәуір» руханиятын ұстанушылар өздерін құдай, космос, ғалам деп санайды. Адамның барлық көрген, естіген, сезетін немесе көз алдына елестететіндерінің барлығы құдайшыл болып саналады.
Жоғары эклектикалық Жаңа ғасыр руханияты көптеген спикерлердің тәлімдерінен, кітаптар мен семинарлардан үйренген ежелгі рухани дәстүрлердің жинағы. Индуизм сияқты бұлар да көптеген құдайлар мен әйел құдайларға табынады. Жерге өз санасы, сезімі және құдайлық болмысы бар бүкіл руханияттың қайнар көзі деп қарайды. Бірақ бәрінен жоғары орында жеке «мен» тұрады. Жеке «мен» бәрін бастаушы, бәрінің үстінен бақылаушы және күші басым болып табылады. Адам анықтап белгілегеннен басқа шынайылық жоқ.
Жаңа дәуір тыныс алу жаттығулары, ән айту, даңғырлату, медитация сияқты шығыс мистицизмін және рухани, метафизикалық және психикалық әдістерді үйретеді... осының барлығы өзгертілген ой-сана мен жеке құдайлық болмысты дамыту үшін қолданылады.
Адамның басынан өткеретін кез келген жағымсыз сезімдер (сәтсіздіктер, көңілсіздік, ашу, менмендік, жан сыздауы) елес деп саналады. Өздерін жеке өмірінің толық әміршісі деп сенгендіктен, олардың өмірінде ешқандай бұрыс, жағымсыз және ауыртпалық беретін нәрселер жоқ деп санайды. Уақыт өте адам жоғары рухани дәрежеге жеткені соншалықты, объективті өмір жоқ деген түсінікке ие болады. Адам құдайға айналып, өз шынайылығын жаратады.
Буддисттер ешқандай құдайларға не Құдайға табынбайды. Буддизмнен хабары жоқ адамдар көбінесе буддисттер Буддаға табынады деп ойлайды. Алайда, Будда (Сиддхартха Гаутама) ешқашан өзін құдаймын деп мәлімдемеген, қайта оны Буддисттер өздері де қол жеткізуге ұмтылып жүрген, атап айтқанда рухани сананың жарықтануы, және де, өмір мен өлімнің үздіксіз циклінен азат болуға қол жеткізген тұлға деп қарастырады.
Көптеген Буддисттер адамның ауыр азаппен сансыз қайта туылатынына сенеді. Буддист осындай қайта туылуларды тоқтатуға ұмтылады. Буддисттердің нанымы бойынша, осы қайта туылулардың пайда болуына себепші болатын адамның құмарлықтары, жиіркенушілігі және адасуы. Сондықтан да, буддисттің мақсаты жүрегін тазарту және барлық құмарлық сезімдеріне деген құлшыныстан арылу және өзіне берілу болып табылады.
Буддисттерде орындауы қажет бірқатар діни қағидалар тізімі бар және жеке ұстамдылық, ораза ұстау және өте терең медитация жасауды ұстанады. Буддисттің медитациясы бар назарды құдайға бағыштап, дұға ету сияқты емес, керісінше ол өзін-өзі тәртіпке салу болып табылады. Медитацияны жаттықтыру арқылы адам Нирвана күйіне еніп, құштарлық отын «сөндіруі» мүмкін.
Көптеген басты діндерге тән нәрселер Буддизмге де тән: адамның ұстанып өмір сүргісі келетін тәртіптер, құндылықтар және нұсқаулар.
Мұсылмадар шексіз үстем және адамзат санасы танып-білуден жоғары, Алла деп аталатын бір құдіретті Құдайдың барына сенеді. Алла ғаламды жаратушы және барлық жақсылық пен зұлымдық атаулының қайнар көзі ретінде саналады. Не болмасын бәрі Алланың еркімен болады. Ол құдіретті және қатал төреші, оның дін жолын қуушыларға деген мейірімі, олардың өз өміріндегі жасаған игі істері мен діншілдігіне байланысты болады. Мұсылманның Алламен қарым-қатынасы оның Алланың құлы ретіндегі қарым-қатынас.
Мұсылмандар бірнеше пайғамбарларды пір тұтқанымен, Мұхаммед соңғы пайғамбар болып табылады және оның сөздері мен өмір салты мұсылман үшін мәртебе болып табылады. Мұсылман болу үшін адам бес діни парызды орындауы тиіс: 1. Алла мен Мұхаммед туралы шахадат кәлимасын қайталау; 2. Күніне бес рет араб тілінде намаз оқу; 3. Мұқтаждарға садақа беру; 4. Жыл сайын бір ай күн шыққаннан күн батқанша тамақтан, сусыннан, жыныстық қатынастан және темекіден бас тартып ораза ұстау; 5. Өмірінде бір рет Меккеге қажылыққа бару. Осы парыздарды сенімділікпен орындағанына байланысты, мұсылман көз жұмғанда, жұмаққа кіремін деп үміттенеді. Егер жұмаққа кірмесе, олар мәңгілік тозақта жазаланатын болады.
Көптеген адамдар үшін Ислам олардың дінге және құдайға қатысты күткен нәрселеріне сай келеді. Ислам игі істер мен діни рәсімдерді қатаң ұстану арқылы табынатын бәрінен жоғары бір құдай бар екенін үйретеді. Адам өлгеннен кейін оның дінге берілгендігіне сәйкес сыйға не жазаға ие болады. Мұсылмандар Алла үшін өз өмірін қию жұмаққа кірудің бір сенімді жолы деп сенеді.
Мәсіхшілер барлық нәрсені жаратқан бір мәңгілік Құдайға сенеді. Ол әркімге осы өмірде Өзімен жеке қарым-қатынасты ұсынатын сүйгіш Құдай.
Иса Өзінің жер бетіндегі өмірінде адамдарды Құдай жолына шақырған пайғамбар немесе рухани ағартушы тәлімгер ретінде таныстырған жоқ.Қайта, Иса Өзін адам кейпіндегі Құдаймын деп мәлімдеді. Ол кереметтер жасады, адамдардың күнәларын кешірді және Оған сенген әркімнің мәңгілік өмірге ие болатынын айтты.
Мәсіхшілер Киелі кітапты Құдайдың адамзатқа арнаған жазбаша хабары деп санайды. Киелі кітап Исаның өмірі мен Оның жасаған кереметтері баяндалған тарихи жазба болуымен қоса, Оның болмысын, Оның сүйіспеншілігі мен шындығын, және де адамның Онымен досы сияқты қалай қарым-қатынаста бола алатынын да ашып береді.
Мәсіхшілер барлық адамдардың, өздерін қоса санағанда, күнә жасайды деп санайды. Олар Исаны өздерінің Құтқарушысы, Киелі кітаптағы Көне Келісім жазбаларындағы барлық пайғамбарлардың айтқан пайғамбарлық сөздеріне сәйкес келген Мессия деп сенеді. Олар Иса Мәсіхтің, бізге деген сүйіспеншілігінен, бүкіл адамзаттың күнәсі үшін айқыш ағашта жанын құрбан еткеніне сенеді. Үш күннен кейін, Ол Өзі уәде еткендей, өлімнен қайта тіріліп Өзінің Құдайлық болмысын дәлелдеді.
Осы басты діни жүйелерін және олардың Құдай туралы көзқарастарын қарастыра келіп, біз орасан зор айырмашылықтарды көреміз:
Барлық діндер бір Құдайға табынады ма? Осыны қарастырып көрейік. «Жаңа дәуір» руханияты әрбір адам ғарыштық сана орталығына келуі тиіс деп үйретеді, ал ол Ислам үшін бір Құдайдан бас тарту, Индуизм үшін сансыз көп құдайларынан бас тарту, ал Буддизмге Құдайдың бар екенін мойындау дегенді білдірер еді.
Басты әлемдік діндердің (Индуизм, «Жаңа дәуір» руханияты, Буддизм, Ислам, Мәсіхшілік) талаптары да айтарлықтай бірегей.
Көптеген діндер адамдардың кемелділікке жету күресінде, оларды жалғыз қалдырады.
Индуизмде адам өз тауқыметінен өзі азат болуға тырысады. «Жаңа дәуір» руханиятында адам өзінің жеке құдайлық болмысымен жұмыс жасайды. Буддизмде адам өзінің қалауларынан азат болу жолдарын іздеумен айналысады. Ал Исламда адам өлгеннен кейін жұмаққа бара алуы үшін діни заңдарды ұстануы тиіс. Мәсіхшілікте Құдай бізге Өзімен жеке қарым-қатынаста болуды ұсынады, ол біздің күш-жігер салып тырысуларымызға негізделмеген, қайта Исаның айқыш ағаштағы құрбандық өліміне негізделгенін көріп отырсыз.
Біздің барлығымыз өзіміздің жеке кемшіліктерімізді және жақсаруымыз керек екенін білеміз. Осындай нәрселер діндердің пайда болуына түрткі болады. Біз сондай-ақ жанымыз тыныш, өмірімде берекелі және ішкі күшті сезгіміз келеді. Сол себепті де, біз медитация, діни рәсімдер, өзіңе-өзің көмектес деген кітаптар, ораза ұстау, дұға ету, жеке құрбандық, қажылықтар және т.б. сияқты әрекеттерді жасауды бастаймыз.
Алайда, бізді жаратқан Құдаймен байланыста болуға келгенде, біздің мәселеміз жеке күш-жігердің жоқтығында емес, қайта біздің күнәмізде. Қаншама игі істер жасама, олардың ешқайсысы да біздің Құдайдың киелі жолдарына қайшы келетін әрекеттерімізді жаба алмайды я жасыра алмайды.
Бір қызығы Будда ешқашан өзінің күнәсіздігі туралы айтпаған. Мұхаммед те өзінің күнәларының кешірілуіне мұқтаж екенін мойындаған. «Басқа пайғамбарлардың, гурулардың, діни ұстаздардың қаншалықты данышпан, дарынды немесе ықпалды болмасын, олардың барлығы біздер сияқты мінсіз емес екенін түсінетіндей санаға ие».1
Құдай біздің күнәмыздың бізді Өзінен бөліп тұрған кедергі екенін айтады. Біз сол ажырауды, қашықтықты сеземіз. Міне, адамды діни істермен айналысуға мәжбүрлейтін де осы нәрсе.
Құдай бізді Өзінен бөліп тұрған осы кедергіні көріп, ол мәселенің шешімін Өзі қамтамасыз етті. Ол күнәның төлемі – өлім... Одан мәңгілікке рухани ажырап қалу деп айтты. Әйтседе, бізге деген сүйіспеншілігінің арқасында, Иса Мәсіх, Құдайдың Өзі біздің күнәмыздың құнын өтеу үшін адам кейпінде келді.
Иса біздің барлық күнәларымызды Өз мойнына алып, айқышта өз еркімен біз үшін жанын қиды.Киелі кітапта былай деп жазылған: «Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті».2
«Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, к ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір».3
Исаның айқыштағы құрбандығының арқасында Құдай бізге толық кешірім сыйлады. Бұл біздің өткен, қазірге және келешектегі барлық күнәларымызды толығымен кешірді дегенді білдіреді. Иса олардың барлығы үшін құн төледі. Әлемді жаратқан Құдай бізді сүйеді және бізбен қарым-қатынаста болғысы келеді. «Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді».4
«Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады».5
Мәсіх бізге күнә мен кінә сезімінен шынайы азаттықты сыйлайды. Ол адамның сәтсіздіктерін ертеңгі күні жақсы адам болар деген бос үмітпен олардың мойнына асып қоймайды.
Иса Мәсіхте Құдай адамзатқа қол ұшын созып, Өзімен байланыста болудың бір жолын қамтамасыз етті.
Иса былай деген: «Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!... ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін».6 Иса адамдарды тек Оның берген тәлімдерімен жүруге емес, сонымен қатар Оның соңынан еруге шақырды. Иса былай деді: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін».7 Өзін шындықпын деп жариялауы арқылы, Иса шындықты жариялайтын қарапайым пайғамбарлар мен дін мұғалімдерінен асып түсті.8
Иса Өзін Құдаймен тең екенін мәлімдеді және онысына дәлел келтірді. Иса Өзінің айқыш ағашқа шегеленіп өлтіріледі және үш күннен кейін өлімнен қайта тірілетінін айтты. Ол бір күні келесі өмірінде қайта туыламын деп айтқан жоқ (Оның шынымен солай істегенін кім білсін?).
Ол қабірге қойылғаннан үш күн өткен соң, Оның айқышта шегеленгенін көрген адамдарға Өзінің тірілгенін көрсететінін айтты. Сол үшінші күні Исаның қабірі бос болып шықты, және көптеген адамдар Оны тірідей көргені жайлы куәлік келтірді. Иса қазір бізге мәңгілік өмірді ұсынуда.
Бұл Буддизмнің сегіз сатысы не Исламның бес парызы, не медитация, не игі істер не тіпті Он Өсиет сияқты өзін-өзі кемелдендіру әдістерін орындауға адал болу дегенді білдірмейді. Бұлар рухани өмірдің түсінікті, жақсы сипатталған, жүру оңай жолдары сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, олар кемелдікке жетудің ауыртпалық салатын ұмтылысына айналады, ал Құдаймен байланыс әлі де алшақта қала береді.
Ал Иса Мәсіхпен бірге бұл Құдай мен сіздің араңыздағы екіжақты байланыс болып табылады. Ол бізді құшақ жая Өзіне шақырады. «Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында».9 Сізд мінәжатыңызға жауап беретін, сізге шынайы қуаныш пен тыныштық сыйлайтын, сізге жүретін жолды көрсететін, сізге Өзінің сүйіспеншілігі көрсететін және өміріңізді түбегейлі өзгертетін Құдаймен қарым-қатынаста бола аласыз.
Иса былай деген: «Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім».10 Бұл өміріңіз кемеліне жетіп, ешқандай мәселелер болмайды дегенді білдірмейді. Бірақ өмір қарбалыстарының ішінде сіздің өміріңізге араласқысы келетін, Өзінің сүйіспеншілігінде тұрақты Құдайға бет бұра аласыз дегенді білдіреді.
Біздің үмітіміз заңдарды не стандарттарды ұстану емес, керісінше біздің Исаға деген сенімімізге және Оның біз үшін айқыштағы құрбандығына байланысты бізді толықтай қабылдайтын Құтқарушыны танып-білу. Біз көктегі орнымызды діни күш-жігер салып талпынуымызбен не игі істерімізбен еңбек сіңіріп иемдене алмаймыз. Біз Иса Мәсіхпен қарым-қатынасты бастағанда, көк бізге берілетін тегін сый болмақ.
Сіз толықтай кешіріліп, Құдайдың сізге деген сүйіспеншілігін жеке танып-білгіңіз келеді ме?
Әлемдегі діндерде адамда қандай-да бір тәлімдермен, идеялармен, жолдармен, діни рәсімдермен байланысы бар. Иса арқылы адам сүйгіш әрі құдыретті Құдаймен қарым-қатынасқа ие бола алады. Сіз Құдаймен сөйлесе аласыз және Ол сізді осы өмірде жетелеп жүреді. Ол сізге жай бір жолды, пәлсапаны не дінді көрсетпейді.
Ол сізді Өзін танып-білуге, Оның сыйлайтын қуанышын сезінуге және өмірде тап болатын қиындықтарда Оның сүйіспеншілігіне сенімді болуға шақырады. «Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да!».11
Сіз Құдаймен қарым-қатынасты дәл қазір бастай аласыз. Оны істеу өте қарапайым, сіз шын жүректен Құдайдан күнәңызды кешіруін өтініп, Оны өз өміріңізге кіруге шақырыңыз. Иса былай деген: «Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады».12
Сізді жаратқан және сізді өте қатты сүйетін Құдаймен қарым-қатынасты бастағыңыз келеді ме? Егер жүрегіңіздің қалауы сол болса, онда сіз оны дәл қазір істей аласыз: «Құдай, Сенен мені кешіруіңді өтінемін және дәл қазір Сені жүрегімнің төріне кіруге шақырамын. Иса менің күнәларым үшін жаныңды құрбан еткеніңе рақмет Саған! Өзің уәде еткендей менің өміріме кіргеніңе рақмет Саған!».
Егер сіз шын жүректен Құдайдан өз өміріңізге келуін сұраған болсаңыз, яғни сіз Онымен жеке қарым-қатынасты бастағаныңыз. Бұл сіздің Құдаймен жаңа ғана танысып, Оның сіздің Өзін жақыннан танып-білгеніңізді қалайтыны сияқты.
► | Мен жай ғана Исаны өз өміріме шақырдым (кейбір пайдалы ақпараттар легі)… |
► | Мен Исаны өз өміріме шақыруды қалауым мүмкін, өтініш, осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз… |
► | Менің сұрағым бар… |
Сілтемелер: (1) Эрвин В. Люцер, «Мәсіх басқа құдайлардың арасында» (Чикаго: Муди Пресс,1994), 63-бет (2) Жоханның 1-хаты 3:16 (3) Римдіктерге хат 6:23 (4) Жоханның 1-хаты 4:9 (5) Жохан жазған Ізгі хабар 3:16 (6) Жохан жазған Ізгі хабар 6:35 (7) Жохан жазған Ізгі хабар 14:6 (8) Люцер, 106-бет (9) Забур 144:18 (10) Жохан жазған Ізгі хабар 10:10 (11) Жоханның 1-хаты 3:1 (12) Аян 3:20