Авторы: Мэрилин Адамсон
Біз Құдай көмектеседі дегенге қандай дәрежеге дейін арқа сүйей аламыз? Ол біздің кез келген жағдайларда, қиын қыстау кезінде де, жанымыз тыныш кезде дебет бұрып жүгіне алатын Құдай ма?
Әлемнің Жаратушысы Құдай бізді Өзін танығанымызды аңсайды. Сол себепті де біздің бәріміз осы жердеміз. Ол біздің Оның күшіне, сүйіспеншілігіне, әділдігіне, киелілігіне, жанашырлығына арқа сүйеп, бәрін сезінгенімізді қалайды. Сондықтан, Ол ерік білдірген әркімге: «Маған келіңдер!» - дейді.
Бізден айырмашылығы, Құдай ертең, келесі аптада, алдағы онжылдықта не боларын біледі. Ол: «Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ, Маған ұқсас ешкім де болмайды! Ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ алдын ала білдіріп келемін», - дейді.1 Ол әлемде не болатынын біледі. Ең маңыздысы, Оған сіздің өміріңізде не болатыны мәлім, ал егер сіз Оны өз өміріңізге кіргізуді таңдасаңыз, онда қандай жағдай болмасын Ол жаныңыздан табылады. Ол бізге: «Құдай — біздің панамыз да күшіміз, қиын кезде сенімді көмекшіміз» бола алатынын айтады.2 Бірақ біз Оны іздеуге шын жүректен күш салуымыз керек. Ол былай дейді: «Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар».3
Бұл Құдайды таныған адамдардың қиын-қыстау күндерден аулақ болатынын білдірмейді. Олардан ешкім қаша алмайды. Лаңкестік шабуыл азап шегу мен өлімге душар еткенде, ондайлар Құдайды білетіндердің де басына төнетін болады. Бірақ сондай кездің өзінде Құдай жанымыздан табылып, жан тыныштығы мен күшке бөлейді. Иса Мәсіхтің бір ізбасары осыны былай түсіндіреді: «Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз».4 Шынайылық бізге өмірде мәселелерді бастан өткеретінімізді айтады. Әйтседе, Құдайды танитын біздер сондай қиыншылықтардан өткенде, оларға басқа көзқарас тұрғысынан қарап, өзімізне тән емес күшке арқа сүйейміз. Құдайға бой бермейтін ешқандай мәселе жоқ. Ол біздің ұрынатын барлық мәселелерден де үлкен, және біз солармен күресімізде жалғыз емеспіз.
Құдай Сөзі былай дейді: «Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі».5 «Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында. Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды, жалынышын естіп, оны аман сақтайды».6
Иса Өзінің соңынан ергендерге мынадай жұбаныш сөздерін айтқан: «Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!».7 Егер сіз шын жүрегіңізбен Құдайға бет бұрсаңыз, Ол сізге басқа ешкім көрсетпейтін әрі басқа ешкімнің қолынан келмейтін қамқорлықты көрсетеді.
Құдай адамзатты таңдау қабілетімен жаратқан. Бұның мағынасы біз Онымен қарым-қатынаста тұруға мәжбүрленбейміз дегенді білдіреді. Ол бізге Өзінен бас тартуға және басқа да зұлым әрекеттер жасауға жол береді. Ол бізді сүюге, жақсы болуға мәжбүрлей алар еді. Ондай кезде бізде Онымен қандай қарым-қатынас болар еді? Бұл мүлдем қарым-қатынас болмас еді, керісінше мәжбүрлік пен толықтай мойынсұну бақыланатын қарым-қатынасқа айналар еді. Құдай бізге адамның қадір-қасиетін сыйлайтын еркін ерік берді.
Дегенмен, жанымыздың терең түбінен «Құдай, қалайша Сен осындай үлкен нәрсенің болуына жол бердің?» деген жан айқайы естіліп жатады.
Ал біз Құдайдың қалай әрекет еткенін қалар едік? Біз Құдайдың адамдардың іс-әрекеттерін бақылауға алғанын қалаймыз ба? Лаңкестік шабуылды алып қарайықшы, Құдайға қанша адам өлімнің санына жол берген қолайлы?! Егер Құдай тек жүздеген адамның өлуіне жол бергенде біз өзімізді жақсырақ сезінер ме едік? Әлде біз Құдайдың бір адамның өліміне ғана жол бергенін қалар ма едік? Тіпті егер Құдай бір адамның өлуіне жол бермесе де, таңдау еркіндігі болмас еді. Адамдар Құдайды елемеуді, Құдайға тіксініп мойынсұнбауды, өз бетімен жүруді және басқаларға қарсы жан түршігерлік әрекеттер жасауды таңдайды.
Біздің планета қауіпсіз орын емес. Біреу бізді атып тастауы мүмкін. Не, бізді көлік қағып кетуі мүмкін. Не, лаңкестердің шабуыл жасаған ғимаратынан секіруге мәжбір болуымыз мүмкін. Я болмаса, Құдайдың ізгі еркі әрқашан орындала бермейтін біз Жер деп атайтын осы қатыгез ортада басымыздан сан қилы нәрселер өтуі мүмкін. Дегенмен, Құдай адамдардың мейіріміне емес, керісінше, бақытымызға орай, біз Оның мейіріміне мұқтажбыз. Бұл ғаламды оның сансыз жұлдыздарымен жаратып, бір сөзбен ғана: «Аспан кеңістігінде шырақтар орнасын!»8 деген сөздерді айтқан Құдай. Бұны «Патшасы күллі жер бетінің»9 Құдайдың Өзі айтып отыр. Оның құдыреті пен даналығы шексіз. Біз үшін мәселелер бой бермейтіндей көрінгенімен, біздің «Мен, Жаратқан Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма?10 – дегенді есімізге салатын кереметтей қабілетті Құдайымыз бар. Ол әйтеуір қандай да бір жолмен күнәкар адамдардың еркін сақтап, Өз ізгі еркін іске асыруда. Құдай мынаны анық айтады: «Менің кеңесім орындалады, мен барлық мақсатымды орындаймын».11 Егер өміріміз Құдайға бағышталған болса, онда біз осы сөздерден жанымызға жұбаныш таба аламыз. «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».12
Көпшілігіміз - жоқ, бәріміз - кейде Құдайға және Оның жолдарына қасарысып қарсылық танытуды таңдаймыз. Басқалармен салыстырғанда, әлбетте лаңкеспен салыстырғанда, біз өзімізді құрметтейтін, сүйгіш адамдар деп есептеуіміз мүмкін. Бірақ өз жүрегімізге шынайы үңіліп, Құдаймен бетпе-бет кездессек, күнәкар екендігімізді ұғынар едік. Біз Құдайдың алдына келіп дұға ете бастағанда, Оған ойларымыздың, әрекеттеріміз бен тек қара басымыздың қамын жейтініміздің мәлім екенін туралы ойдан ұсталып, тұла бойымыз семіп қалмайды ма? Біздің өміріміз бен әрекеттеріміз арқылы өзімізді Құдайдан алшақтатып жібердік. Біз тіпті Құдайсыз да өмірімізде бәрі жақсыдай өмір кештік. Киелі Кітапта былай делінген: «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік».13
Бұның салдары қалай болмақ? Күнәмыз бізді Құдайдан ажыратты, және бұл өмірден де көп нәрсеге әсерін тигізеді. Біздің күнәміздің жазасы - өлім, немесе Құдайдан мәңгі ажырау. Алайда, Құдай бізге кешірілудің және Оны танудың жолын қамтамасыз етіті.
Құдай бізді құтқару үшін жерге келді. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді».14
Құдай біздің осы дүниеде басымыздан өткеретін ауыртпалығымыз бен азабымызды біледі. Иса Өзінің қауіп-қатерсіз үйін тастап, біз өмір сүріп жатқан қиын ортаға келді. Иса шаршауды, аштық пен шөлді, басқалардың тарапынан айып тағылуды, отбасы мен достарынан аластап қуғындалуды басынан кешірді. Бірақ Иса күнделікті күйбең тіршіліктің қиындықтарынан да әлдеқайда көпті басынан кешірді. Адам тәніндегі Құдай Ұлы Иса біздің барлық күнәларымызды Өз еркімен мойнына алып, бізге тиесілі өлім жазасын төледі. «Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті».15 Біздің кешірілуіміз үшін Ол айқышта азапталып, жаны қысылып, баяу қорлық өлімін басынан кешті.
Иса басқаларға Өзінің айқышқа шегеленіп, үш күн өткен соң қайта тірілетінін, солай Өзінің Құдай екенін дәлелдейтін алдын ала айтқан болатын. Ол бір күні басқа бір кейіпке енетіні жайлы айтқан жоқ. (Егер Ол расында солай істеген болса оны кім білер еді?) Ол тәні қабірге қойылып, үш күн өткеннен кейін Өзінің айқышқа шегеленгенін көзімен көргендерге физикалық тірі екенін көрсететін айтты. Сол үшінші күні, Исаның қабірі бос болып шықты, және көптеген адамдар Оның тірі екеніне куәгер болды.
Ол қазір бізге мәңгілік өмірді ұсынуда. Біз оған ие үшін еңбек сіңіре алмаймыз. Ол Құдайдың бізге ұсынып отырған тегін сыйы, ол сыйға біз Құдайды өмірімізге шақырғанда ғана ие бола аламыз. «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір».16 Егер біз күнәларымызға өкініп, Құдайға бет бұрсақ, біз Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге ие бола аламыз. Бұл өте қарапайым нәрсе. «Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ».17 Ол біздің өмірімізге кіргісі келеді.
Көк туралы не айтуға болады? Киелі Кітапта: «Құдай адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты».18 Мүмкін бұның мағынасы біз жүректерімізде жақсы дүниенің қандай болатынын білетін шығармыз дегенді білдіруі мүмкін. Жақындарымыздың өлімі бізге осы өмір мен дүниеде бір жаман нәрсенің бар екеніне көзімізді жеткізеді. Жанымыздың терең бір түкпірінде жанға батарлық ауыртпалықтар мен зардаптардан азат өмір сүретін анағұрлым жақсырақ бір жердің болуы керек екенін білеміз. Әлбетте, Құдайдың бізге ұсынатын ең жақсы орны бар. Бұл оның ізгі еркінің әрқашан орындалатын толықтай өзгеше жүйе болады. Бұл әлемде «Құдай барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды».19 Және Құдай Киелі Рухымен адамдар енді ешқашан күнә жасамайтындай етіп олардың жан дүниелерінен орын алады.20
Лаңкестік шабуылдың жеткілікті түрде жан түршігерлік оқиғалар екені рас. Ал Исаның сізге ұсынып отырған Құдаймен мәңгілік қарым-қатынастан бас тарту ең жаман нәрсе болар еді. Тек мәңгілік өмірдің аясында ғана емес, жалпы осы өмірде Құдайды танумен салыстыруға келетін ешқандай қатынас жоқ. Ол біздің өміріміздің мақсаты, жұбанышымыздың қайнар көзі, дүрбелең уақыттардағы даналығымыз, қуатымыз бен үмітіміз. «Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер,қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!».21
Біреулер Құдайды жай ғана тірек деп айтқан екен. Иә, солай екені рас, бірақ Ол біздің толықтай сенім артатын жалғыз ғана табан тірер тірегіміз.
Иса былай деген: «Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар».22 Өмірлерін Исаға сеніп тапсырғандарды Ол өмірін Жартастың үстіне салғандар іспетті дейді. Осы өмірде қандай дағдарыстар опырылып түспесін, Иса оларға төтеп беруге күш береді.
Сіз Исаны өз өміріңізге дәл қазір қабылдай аласыз. «Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етт».23 Иса Мәсіх арқылы біз Құдайға қайта орала аламыз. Иса: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды», - деді.24 Иса: «Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне енемін...»25
Дәл қазір сіз Құдайдан өміріңізге кіруін сұрай аласыз. Сіз мұны мінажат арқылы істей аласыз. Мінажат дегеніміз Құдаймен шыншылдықпен сөйлесуді білдіреді. Қазір сіз Құдайға бет бұрып, Оған шын жүректен мына мінажатты айта аласыз:
«Құдай, мен жүрегімде Сенен бетімді бұрып кеткенмін, бірақ мен осыны өзгерткім келеді. Мен Сені танығым келеді. Мен Иса Мәсіхті және Оның кешірімін өміріме қабылдағым келеді. Бұдан былай мен Сенен ажырағым келмейді. Осы күннен бастап ары қарай менің өмірімнің Құдайы болшы. Алғыс Саған, Құдай!»
Сіз жаңа ғана шын жүректен Құдайды өз өміріңізге келуін сұрадыңыз ба? Егер солай болса, онда сізді алда көп нәрсе күтіп тұр. Құдай сіздің қазіргі өміріңізді Оны танып-білуіңіз арқылы зор рухани игіліктерге толтыруға уәде етеді.26 Құдай қайда? Ол өмір сүретін мекені ретінде сіздің жан дүниеңізден орын алуды уәде етеді.27 Және Ол сізге мәңгілік өмір сыйлайды.28
Сіздің айналаңыздағы әлемде қандай жағдай болмасын, Құдай сіздің жаныңыздан табылады. Адамдар Құдайдың жолымен жүрмесе де, Ол жан түршігерлік жағдайлардың өзінде Өз жоспарын іске асырады. Әлемде болып жатқан оқиғалар толықтай Құдайдың бақылауында. Егер сіз Құдайдыкі болсаңыз, онда сіз Оның уәдесіне арқа сүйей аласыз «Барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды».29
Иса Мәсіх былай деген: «Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар». «Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!».30 Иса бізді «ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын» деп уәде етеді.
► | Мен жай ғана Исаны өз өміріме шақырдым (кейбір пайдалы ақпараттар легі)… |
► | Мен Исаны өз өміріме шақыруды қалауым мүмкін, өтініш, осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз… |
► | Менің сұрағым бар… |
Сілтемелер: (1) Ишая 46:9 (2) Забур 45:2 (3) Еремия 29:13 (4) Қорынттықтарға 2-хат 4:8-9 (5) Нақұм 1:7 (6) Забур 144:18-19 (7) Maтай 10:29-31 (8) Жаратылыстың баталуы 1:14 (9) Забур 46:8 (10) Еремия 32:27 (11) Ишая 46:11 (12) Жақыптың хаты 4:6 (13) Ишая 53:6 (14) Жохан жазған Ізгі хабар 3:16-17 (15) Жоханның 1-хаты 3:16 (16) Римдіктерге хат 6:23 (17) Жоханның 1-хаты 5:12 (18) Уағыздаушы 3:11 (19) Аян 21:4 (20) Аян 21:27; Қорынттықтарға 1-хат 15:28 (21) Забур 33:9 (22) Жохан жазған Ізгі хабар 14:27 (23) Жохан жазған Ізгі хабар 1:12 (24) Жохан жазған Ізгі хабар 14:6 (25) Аян 3:20 (26) Жохан жазған Ізгі хабар 10:10 (27) Жохан жазған Ізгі хабар 14:23 (28) Жоханның 1-хаты 5:11-13 (29) Римдіктерге хат 8:28 (30) Жохан жазған Ізгі хабар 14:27 and 16:33 (31) Еврейлерге хат 13:5