Уытты порно, уытты жыныстық қатынас: Порнографияның шынайы келбеті

Порнографияға тәуелділіктен азат болудың жолын іздеу, порнографияның 9 өтірігін әшкерелеу және тәуелділіктің құрсауынан азат болу

Авторы: Джин МакКоннелл

Порнография және тәуелділік... некеден тысқары жыныстық қатынас

Қараңғы суық кешкі уақытта алауошақтағы жылт-жылт еткен оттан асқан жақсы нәрсе жоқ. Жаның тыншып, тұла бойың жылынып, денең босаңсып, қиялға берілесің. Ал енді осы алауошақтағы жанып жатқан ағашты алып, оны бөлменің ортасына тастаңыз. Ол әбсәтте қиратушыға айналады. Жыныстық қатынас әлгі от іспетті. Жыныстық қатынаспен некелік қарым-қатынас адалдығы сақталған аяда айналысқанда ғана ол керемет, жылы әрі романтикалы болады. Бірақ порнография жыныстық қатынасты неке адалдығы аясынан шығарады.

Порнографияға тәуелділікті не қоздырады

Адамның ақыл-ой санасын құрауыштарының ең маңызды бөліктерінің бірі – ол жыныстық көзқарас жағынан біздің кім екеніміз туралы салауатты көзқарас болып табылады. Егер осы көзқарастар бұрмаланған болса, онда өзіміздің кім екендігіміз туралы көзқарас та бұрмаланады. Порномәдениет жыныстық қатынастың, махаббаттың және жақындықтың барлығы бір нәрсе деп айтады. Порнографияда адамдар бірінші рет көріп тұрған мүлде бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа түседі. Маңыздысы – менің құмарлығымның қанағаттануы. Кімнің денесін қолданып жатқаным маңызды емес, ең бастысы оның бар болғаны. Порнография сізге жыныстық қатынаспен кез-келген уақытта, кез-келген жерде, кез-келген адаммен айналысуға болады және оның ешқандай салдары жоқ деп ойлауға кіріптар етеді.

Порнографияның таяз көзқарасы сипаттайтындай, қарым-қатынас жыныстық қатынасқа емес, керісінше адалдық, қамқорлық және өзара сенім артушылыққа негізделген. Алауошақтағы от сияқты неке аясындағы жыныстық қатынас керемет. Өзіңізді сүйетін, осы күйңізде қабылдайтын, бірге кешетін өмірдің соңына дейін өзін сізге арнаған әрі өзіңізді толықтай оған бере алатын адаммен бірге болу – жыныстық қатынасты шынымен де керемет етеді.

Порнографияға тәуелділіктен азат болу: өтіріктерді әшкерелеу

Сіз порнографиядан жыныстық қатынас туралы шындықты үйрене алмайсыз. Оның шындыққа еш қатысы жоқ. Порнография үйрету үшін емес, тек сату үшін ғана жасалған. Ол қыруар ақша табатын үлкен бизнес, ал сол ақшаның қандай жолмен табылатыны оларды қызықтырмайды. Олар сізді тағы да келіп, көбірек сатып алуға кіріптар етеді деп ойлаған кез-келген нәрселерді көрсетеді. Сонымен, порнография көрерменін еліктіріп, уысында ұстап тұру үшін неше қилы өтіріктерді айтады. Порнография жыныстық қатынас, әйелдер, неке және көптеген басқа нәрселер жайында өтірікті өрбітумен өркендеуде. Қанеки, сол өтіріктердің кейбіріне көз салып, олардың қалайша сіздің өміріңіздің шырқын кетіріп, салауатты көзқарасыңызға кері әсерін тигізетінін қарастырып көрелік!

• №1 өтірік- Әйелдердің адамдық қадірі төмен

«Плейбой»журналындағы әйелдерді «қояндар» деп атайды, яғни, оларды сүйкімді кішкентай жануарлар немесе «ермек құралы» - ойыншық ретінде көрсетеді. «Пентхаус»жрналы әйелдерді «үй жануарлары» деп атайды. Порнографияда көбінесе әйелдерге жануарлар, ермек ойыншықтар немесе дене мүшелері ретінде қарайды. Кейбір порнографияларда тек денені не жыныс мүшелерін ғана көрсетіп, бетті мүлдем көрсетпейді. Әйелдер ойлары мен сезімдері бар шынайы адамзат ретінде порнографияда қабылдамайды.

• №2 өтірік- Әйелдер «спорт» іспетті

Кейбір спорт журналдарының «шомылу киімі» деп аталатын қосымша саны бар. Бұл әйелдер жайлы спорттың қандай-да бір түрі деген пікір қалыптастырады. Порнография жыныстық қатынасты спорт ойыны ретінде қарастырады, ал ойында сізге «ұту», «жаулап алу» не «бағындыру» қажет. Осындай көзқарастың қармағына ілінген еркектер, өздерінің әйелдерді қалай «бағындырғаны» туралы айтқанды ұнатады. Олар өздерінің еркектігін қанша рет «жаулап алатындығымен» сипаттайды. Мен «бағындырған» әрбір әйел менің еркектігімді дәлелдейтін сөремдегі тағы бір олжам, тағы бір жетістігім.

• №3 өтірік- Әйелдер - меншік

Жылтыраған машинаның үстінде созылып жатқан сексуалды қыздың суретін барлығымыз да көргенбіз. Бұл жердегі астыртын мағына «Біреуін сатып алсаң, екеуі де сенікі». Порнография бұны одан әрі өрбітіп, әйелдерді барынша жұпыны киіндіріп, жалаңаш денелерін каталогтарда тұтынушылардың назарына тауар ретінде ұсынады. Көптеген жас жігіттердің егер қыздарды қыдыртуға ақша жұмсаса, олармен жыныстық қатынасқа түсуге құқы бар деп ойлайтыны таңқаларлық жайт емес. Порнография бізге әйелдерді сатып алуға болады дегенді айтады.

• №4 өтірік- Әйелдің құндылығы оның денесінің тартымдылығына байланысты

Порнография көркі тартымсыз әйелдерді мысқылдайды. Порнографияның «мінсіз» әйел деген өлшемшартына сай келмегендігіне бола, оларды ит, кит, шошқа не тіпті одан да жаман аттармен келемеждейді. Порнографияны әйелдің жеке тұлғасы мен санасы, тек оның дене бітімі ғана қызықтырады.

• №5 өтірік– Әйелдер зорлағанды ұнатады

«Әйелдің «жоқ» дегені «иә» дегенді білдіреді» - бұл порнофильмдердің әдеттегі сценариі. Онда зорланып жатқан әйел бастапқыда қарсыласады, тебеді, сосын ұната бастайды. Порнография ерлерге көңіл көтеру үшін әйелдердің денесін ауыртып, зорлық көрсетуден ләззат алыңдар деп үйретеді.

• №6 өтірік - Әйелдерді кемсіту қажет

Порнография әйелдерге қарсы өшпенділік сөздерге толы. Әйелдердің жүздеген жиренішті жолдармен азапталып, кемсітіліп жатқанына қарамастан, олардың сондай әрекеттерді тоқтатпауды жалбарына сұрайтындығы көрсетіледі. Осындай әрекет әйелдерге деген құрметті көрсетеді ме? Ал сүйіспеншілікті ше? Әлде порнографияның насихаттап жатқаны әйелдерге деген жек көрушілік пен жаратпаушылық па?

• №7 өтірік- Кішкентай балалар да жыныстық қатынасқа түсуі керек

Порнографияның сатылымдағы хиттерінің бірі – «балалар» порнофильмдерінің еліктемесі. Әйелдерді кішкентай қыздарға ұқсастырып шаштарын буып, кішкентай қыздардың аяқ киімін кигізіп, қолдарына қуыршақ қонжық ұстатады. Бұл көріністің астыртын ойы – ересектердің кішкентай балалармен жыныстық қатынасы қалыпты нәрсе дегенге сілтейді. Бұл порнография көрушілердің балаларға сексуалдық көзқараспен қарауына түрткі болады.

• №8 өтірік– заңсыз жыныстық қатынас қызықты

Порнографияда жыныстық қатынасты анағұрлым «қызықты» ету үшін жиі заңсыз не қауіпті элементтерді қолданады. Яғни бұл егер жыныстық қатынас оғаш, заңсыз не қауіпті болмаса, одан ләззат алмайсың деген сөз.

• Ложь №9– Жезөкшелік сәнді

Порнография жезөкшеліктің жарқын суретін бейнелейді. Шын мәнінде порнографиялық материалдарда бейнеленген әйелдердің көпшілігі – үйлерінен қашып құлдықтың тұзағына түскен қыздар. Олардың көпшілігі жыныстық зорлыққа душар болғандар. Ал кейбіреулері жыныстық жолмен берілетін жазылмайтын өте жұқпалы ауруларға шалдыққандар, және көбіне жастай өмірмен қош айтысып жатады. Ал көпшілігі ауыртпалыққа шыдау үшін есірткіге жүгінеді.

Порнографияға тәуелділіктің салдары

Порнобизнес өмірлері күйреген жас қыздардан пайда көріп, көп уақыты МЕН ақшасын құртуға дайын ерлерді тұзағына түсіріп, порноөнімінің құрбанына айналдырады.

Біз естіп, көрген нәрселеріміздің әсері тимейді деп ойлауымыз мүмкін. Әйтседе, жақсы әуен, жақсы фильмдер мен жақсы кітаптардың өмірімізді рухани байытатынын бәріміз мойындаймыз. Олар шаршауды басуы, бір нәрсе үйретуі, жүрегімізді тебірентуі не шабытқа бөлеуі мүмкін. Бұқаралық құралдар бізге қалай пайдасын тигізсе, порнографиялық бейнелер де дәл солай кері әсерін тигізеді.

Бейнелер үнемі бейтарап бола бермейді. Олар бізді иландыра алады. Кәсіпкерлер егер өз өнімінің көңілге қонымды бейнесін сіздің бойыңызды қатты сезім кернеген сәтте көрсететін болса, ол сіздің бейсанаңызға сіңіп кететінін біледі. Жарнама мамандары өз істерінің шебері, сіз олардың жарнамасын көргенде-ақ, олардың қанша өнімін сатып алатыныңызды болжай алады. Кейде көрермендер тіпті өнімнің атауын да көрмейді. «Reese’s Pieces» сауда белгісі «Өзге ғаламдық» атты фильмінде бірнеше секундқа өз шоколад өнімін көрсету үшін қыруар ақша төледі, нәтижесінде «Reese’s Pieces» өнімінің сатылымы рекорд жасады. Неге? Өйткені кішкентай баланың өзге ғаламдыққа қолын созғанын көріп отырған кездегі сіздің сезіміңіз шоколадтың визуалды бейнесімен ұштастырылады. Егер оншақты секунд шамасында көрген өнім, тіпті ол басты назарда болмағанымен, адамдардың қылығына әсер ете алатын болоса, онда бір жарым сағат бойына сіздің назарыңызды экранға жабыстырып тастайтын ашық жыныстық бейнелерге толы фильмнің әсері қандай болмақ.

Порнографияның әсері қандай?

Порнография біздің санамызға қандай ойларды тықпақтап жатыр? Егер санамыз үнемі жаман нәрселермен тола берсе, онда біздің ділдік кеңістігіңіз әбден ласталып, өмірде мәселелерге душар боларымыз һақ. Ділдік кеңістіктің өмірлік маңызы бар бір бөлігі – біздің сексуалдық көзқарас тұрғысынан кім екеніміз туралы салауатты ой. Егер осы ойлар ластанған болса, онда өзіміздің кім екендігіміз жайлы маңызды бөлік бұрмаланады.

Порнографияға тәуелділік: порнографияның тартымдылығы

Порнография көрген әркім оған тәуелді болып қалмайды. Біреулерде ерлер, әйелдер, жыныстық қатынас, неке және балалар жайлы бұрмаланған уытты ойлар қалыптасады. Алайда, басқа біреулердің жүрегіндегі қандай-да бір сезімдік саңылау тәуелділіктің кенедей жабысып алуына жол ашады. Порнография компаниялары сіздің олардың өніміне толықтай тәуелді болып қалғаныңызға еш қарсылығы жоқ, керісінше олардың бизнесінің өркендеуіне керегі де сол. Д-р Виктор Клайн тәуелділіктің үдеуін бірнеше сатыға бөлген: тәуелділік, асқыну, сезімталсыздық, жыныстық әрекет. Порнографияға тәуелділерге қатысты айтар болсақ, мен бірінші кезекте тұратын тағы бір сатыны таптым - ерте танысу. Ал енді осы сатыларды қарап шығайық:

ЕРТЕ ТАНЫСУ
Порнографияға тәуелді адамдардың басым көпшілігі ерте бастаған. Олар өте жас кезінен порнографияны көрген, және осы «ашылған есік» арқылы порнография олардың өміріне кіріп кеткен.

ПОРНОГРАФИЯҒА ТӘУЕЛДІЛІК
Сіз порнографияға қайтып келе бересіз. Ол сіздің өміріңіздің бір бөлігіне айналады. Сіз порнографияның тұзағына түсіп, оны тоқтата алмайсыз.

АСҚЫНУ
Сіз порнографиялық материалдарды көбірек іздей бастайсыз.Бұрынжиренішті болған порнографияны көре бастайсыз. Енді бұл сізді қоздырады.

СЕЗІМТАЛСЫЗДЫҚ
Сіз енді көрген порнография бейнелеріне ешнәрсе сезбеуді бастайсыз.Тіпті ең ашық деген порнография бейнелерінің өзі сізді қоздырмайды. Сіз бұрын бойыңызды кернейтін дірілді сезінуге торығасыз, бірақ оны таба алмайсыз.

ЖЫНЫСТЫҚ ӘРЕКЕТ
Бұл ерлердің сыни қадам жасап, өздері көрген порнографиялық бейнелердегіні іс жүзінде жасауы. Біреулер порнографияның қағаз және синтетикалық бейнелерінен шынайы әлемге, шынайы адамдарға көше бастайды. Бұл әрекет рухани қирауға әкеп соғады.

Порнографияға тәуелділік: Мен тәуелдімін бе?

Егер сіз өз өміріңізден осы аталған белгілердің кез-келген біреуін байқасаңыз, онда сізге дәл қазір «тежегішті басу» қажет. Порнография өміріңізді барынша басқарып жатыр ма? Сізге оны қою қиынға түсуде ме? Порнографияны тағы да қарауды құлшынып тұрасыз ба?

Порнографияғатәуелділік: Мен не істей аламын?

Сіздің істеуіңіз қажетбірінші нәрсе – порнографиямен арпалысып жүргеніңізді мойындау. Маған сеніңіз, бұл бір оғаш не таңғаларлық нәрсе емес. Миллиондаған ерлер мен әйелдер порнографиямен күресудің әртүрлі сатысында жүр. Бұлрасындатаңғаларлық нәрсе емес. Порно өнеркәсібі сізді тұзаққа түсіру үшін миллиардтаған доллар жұмсады. Олардың осындай жетістікке жеткені расында таң қалдырады ма? Сіздердің кейбіреулеріңіздің өткен өмірде орын алған зорлық-зомбылық немесе әдепсіз сексуалды қылық сияқты қандай-да бір мәселелер болуы мүмкін, бұлар порнографияға тәуелділікпен күресті тіптен қиындатып жібереді. Сыртқы көмексіз сіздің қолыңыздан келетіннің бары осы ғана.

Тәуелділіктен азат болу үшін сізге біреудің көмегі қажет. Бұны құпияда ұстамау өте маңызды, әйтпесе сіз тәуелділіктен арыла алмайсыз. Бұл жұрттың бәрі сіздің мәселеңізді білуі керек дегенді білдірмейді. Тәуелділікпен мәселелері бар адамдарға кеңес беріп жүрген, өзіңіз сенім артатын адамды таңдаңыз, яғни ол бағушы, жастар жетекшісі немесе кеңесші болуы мүмкін. Өзіңіз толықтай сенім артатын, өзіңізді қауіпсіз сезінетін, тәуелділік саласында тәжірибесі бар адам сіздің мәселеңізге таң қалмайды.

Порнографияғатәуелділіктен азаттық барма?

Порнография сізді өтіріктерімен өз тұзағына түсіреді. Бұған керісінше,Құдай сізді шындыққа жетелейді. Иса былай деген: «Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар.Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді».1 Исаның осы айтқан сөздерін естігендер, Оған ренжіп былай деп сұрақ қойды: «Біз ешқашан да біреудің құлы болған емеспіз! Қалайша бізге «азаттыққа жетесіңдер» деп айта аласыз?».2 Иса оларға былай деп түсіндірді: «Кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы», бірақ «Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар».3

Күнә бізді тек құлдықта ұстап қана қоймай, сонымен қатар ол бізді Құдайдан да алшақтатады. Ешкім де мінсіз емес. Құдайдың көз алдында ешкім де әділ емес. Керісінше бізге былай деп айтылған: «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік».4 Барлығымыз да Құдайдың үкімі мен жазасына лайықпыз. Алайда, киелі де сүйгіш Құдай біз әділ жазаға ілігіп қалмауымыз үшін, күнәміздің мәселесінің шешімін қамтамасыз етті. Біздің күнәларымыздың жазасын жеке Өз мойнына алды. Құдай Ұлы Иса Мәсіх біздің кешірілуіміз үшін, біздің күнәларымыз үшін азапталып, айқыш ағашта жан қиды. Ал қазір Ол сізге Өзімен қарым-қатынаста болуды ұсынып отыр. Киелі кітаптағы ең керемет мәлімдемелердің бірі мынау: «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады».5

Ең маңызды қарым-қатынас

Егер сіз жақындық пен сүйіспеншілікті іздесеңіз, порнография шынайы сүйіспеншіліктің бос орны ғана. Бізді Құдай жаратқан және біздің жақындық пен сүйіспеншілікке мұқтаждығымызды Құдайдың Өзі толықтай қамтамасыз етеді. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады».6 Адамдардың өміріне порнографияның алып келетін қара түнегі мен жойқын күшіне қарама-қайшы Иса былай деп айтқан: «Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім».7 Құдай сізге Өзінің кешірімін Онымен қарым-қатынаста болу арқылы ұсынады. Сіз Құдайдың өзіңізді кешіргенін сұрап, Оның өміріңізге келгенін қалайсыз ба? Осыны дәл қазір Оған айта аласыз. Егер сізге осыны сөзбен айтуға көмек қажет болса, онда төменде берілген мінәжатты айтыңыз:

"Тәңір Ием Иса, мен өзімнің күнәм жайлы білемін, және оның Саған да мәлім екенін білемін. Мені кешіріп, күнәларымнан тазарта гөр деп Сенен өтінемін. Менің күнәларым үшін айқышта жаныңды қиғаның үшін рақмет! Дәл қазір менің өміріме келіп, өмірімді өзгерту жұмысыңды бастай гөрші. Өмірімді Өз еркіңе сай бағытта. Дәл қазір менің күнәларымды кешіріп, өміріме келгенің үшін рақмет Саған!".

 Мен жай ғана Исаны өз өміріме шақырдым (кейбір пайдалы ақпараттар легі)…
 Мен Исаны өз өміріме шақыруды қалауым мүмкін, өтініш, осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз…
 Менің сұрағым бар…

Сілтемелер: [1] Жохан жазған Ізгі хабар 8:31-32 [2] Жохан жазған Ізгі хабар 8:33 [3] Жохан жазған Ізгі хабар 8:34 [4] Ишая 53:6 [5] Жоханның 1-хаты 1:9 [6] Жохан жазған Ізгі хабар 3:16 [7] Жохан жазған Ізгі хабар 10:10

Басқалармен бөлісу:  

TOP