Сіз неге Киелі Кітапқа сене аласыз

Киелі кітаптың тарихы оны басқа «қасиетті мәтіндер» арасында ерекше, бірегей етеді. Киелі кітапты кім жазғанын, оның баяндау стилін археология мен тарихшылар қалай растайтынын көріңіз…

Киелі кітап тарихы - Киелі кітапты кім жазған?

Киелі кітап 1500 жыл бойы, 40 жазушы арқылы жазылған. Киелі кітаптың басқа діни жазбалардан айырмашылығы, онда нақты оқиғалар, жерлер, адамдар және болған әңгімелер туралы анық жазылған. Тарихшылар мен археологтар бірнеше рет оның шынайылығын растады.

Жазған адамдардың жазу стильдері мен тұлғалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, Құдай бізге өзінің кім екенін және оны қалай білуге болатындығын көрсетеді.

Киелі кітаптың барлық 40 жазушысы бір ортақ хабарды жеткізуді көздеген: бізді бәрімізді жаратқан Құдай, біздің бәрімізбен қарым-қатынаста болғысы келеді. Ол бізді Өзін танып-білуге және сенім артуға шақырады.

Киелі кітап бізді жігерлендіріп қана қоймай, бізге өмір және Құдай туралы түсінік береді. Ол біздің барлық сұрақтарымызға жауап бермеуі мүмкін, бірақ бізге қажет жауаптар баршылық. Ол бізге мақсат қойып, қайырымдылықпен қалай өмір сүруге болатындығын көрсетеді. Өзгелермен қалай қарым-қатынас жасауға болады. Біз күшке, ақыл кеңеске мұқтаж болғанда Құдайға сенім артуға және оның бізге деген сүйіспеншілігін қабылдап, сезінуге Ол бізді шақырады. Сондай-ақ Киелі кітапта мәңгілік өмірге қалай қол жеткізуге болатыны туралы да айтылған.

Бірнеше санаттағы дәлелдер Киелі кітаптың тарихи дәлдігін, сондай-ақ оны жазған Құдайдың авторлық құқығын растайды. Киелі кітапқа сенім артуға болатын бірнеше себептер бар.

Археология Киелі кітаптың тарихи дәлдігін растайды.

Археологтардың Киелі кітапта айтылған үкімет адамдарының, патшалардың, қалалардың және мейрамдардың атауларын дәйекті түрде тауып отырғандары белгілі. Тіпті кейде тарихшылар мұндай адамдардың немесе жерлердің бар екендігі туралы ойламаған еді. Мысалы, Жоханның Ізгі хабарында Исаның Бетезда деп аталатын тоған жанындағы сал адамды сауықтырғаны туралы айтылған. Мәтінде тіпті тоғанға әкелетін бағаналы бес ғимарат (өтетін жерлер) сипатталған. Археологтар тоғанды қырық фут жерастынан толығымен бағаналы бес ғимаратымен бірге тауып алғанға дейін ғалымдар сондай тоған бар деп ойламаған.1

Киелі кітап көптеген тарихи деректерге ие, сондықтан онда жазылған барлық нәрсе археологиялық қазбалар арқылы табылды деп айта алмаймыз. Дегенмен, бірде-бір археологтар арқылы табылған факт Киелі кітапта жазылғандарға қайшы келмейді.2

Сонымен қатар, журналист Ли Струбель Мормон кітабы туралы былай деп түсініктеме береді: «Археологиялық қазбалар бірнеше рет олардың Америкада біраз уақыт бұрын орын алған деп болжаған оқиғалар туралы айтылған мәліметтерін дәлелдей алмады. Смитсониан институтына Мормонизм туралы мәліметтерді қолдайтын қандай да бір дәлелдер бар-жоғын білу үшін жазған хатым әлі де есімде, сонда археологтардың нақты айтулары бойынша «Жаңа дүние археологиясы мен кітап тақырыбы арасында тікелей байланысы жоқ жеген» жауаптарын алған едім. Археологтар Мормон Кітабында3 аталып, көрсетілген қалаларды, тұлғаларды, есімдерді немесе жерлерді ешқашан таба алмаған.

Жаңа Келісімдегі Лұқа жазған Елшілердің істері кітабында айтылған көне жерлердің көбісі археологиялық қазбалар арқылы анықталған. « Барлығын қосқанда Лұқа отыз екі елдің, елу төрт қаланың және тоғыз аралдың атауларын ешбір қателіксіз жазып келтірген».4

Археология қазбалары сонымен қатар Киелі кітап туралы көптеген негізсіз теорияларды жоққа шығарды. Мысалы, бүгінгі таңда кейбір колледждерде әлі күнге дейін оқытылатын теория бойынша, Мұсаның Тауратты (Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы) жазуы мүмкін емес өйткені ол кезде жазу өнері әлі де ойлап табылмаған делінген. Алайда, уақыт өте археологтар Қара Стеланы тауып, жаңалық ретінде ашты. «Онда көне кездегі кейіпкерлер және Хаммураби туралы толық заңдар бар болып шықты, ол Мұсадан кейінгі заманда шықты ма әлде ол Мұсаға дейінгі заманда жазылған деп ойлайсыз ба, ал ол аз десеңіз, ол Ыбырайымға дейінгі заманды қамтыған (б.э.д. 2,000) Ол Мұсаның жазбалары алдында кем дегенде үш ғасыр бұрын жазылған».5

Археология қазбалары Киелі кітаптың тарихи дәлдігін дәйекті түрде растап отырады.

Негізгі археологиялық табыстардың кейбірін көрсететін тізімді көру үшін мына жерді басыңыз.

Бүгінде Киелі кітап бастапқыда қалай жазылған болса, тура сондай.

Кейбір адамдарда Киелі кітап «көп мәрте» аударылғандықтан және аударманың көп кезеңдерінен өткендіктен, ол бұрмаланған деген пікір бар. Егер келесі аудармалар басқа алдыңғы аудармалардан жасалатын болса, бұл пікірмен келісуге болар еді. Бірақ аудармалар, шын мәнінде, мыңдаған ежелгі қолжазбаларға негізделген түпнұсқадағы грек, еврей және арамей мәтіндерінен тікелей жасалған.

Бүгінгі күнде қолданылатын Көне Келісім кітаптарының дәлдігі 1947 жылы археологтар арқылы Израильдің Батыс жағалауы бойында «Өлі теңіз жазбалары» табылған кезде дәлелденді. «Өлі теңіз жазбалары» деген кітапта бізде бар кез келген қолжазбалардан 1 000 жыл бұрын жазылған Көне Келісім мәтіндері бар. Қолжазбаларды солармен салыстырғанда, 1000 жыл бұрын жазылған кезеңнен бастап, 99,5% -ға дейінгі дәлдікті көруге болады. Ал 0,5% айырмашылықтар ішіне сөйлемнің мағынасын өзгертпейтін кішігірім жазу нұсқалары мен сөйлем құрылымындағы өзгешеліктер кіреді.

Жаңа Келісім туралы айтар болсақ, бұл адамзаттың ең сенімді ежелгі құжаты болып табылады.

Бүкіл ежелгі қолжазбалар папирусқа жазылған, оның жарамдылық мерзімі ұзақ емес. Осылайша, адамдар түпнұсқалардың көшірмелерін қолмен жазып, хабарламаларды сақтап қалып, кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған.

Платонның «Республика» деген жазылған еңбегіне оның жазғанына көп адамдар күмәнданбайды. Бұл Платонның классикалық шығармасы шамамен б.з.б 380 жылдары жазылған. Бізде бар ертеректегі көшірмелер б.з. 900 жылы жазылған, бұл оның түпнұсқадағы жазылған уақытынан шамамен 1300 жыл кейін шығып отыр. Оның тек жеті көшірмесі бар.

Цезарьдың «Галлий соғыстары» шамамен б.з.б 100-44 жылдары жазылған. Бүгінгі бізде бар оның көшірмелері алғашқы жазылғаннан кейін 1000 жыл өткен соң жазылған. Бізде оның он көшірмесі бар.

Жаңа Келісімге келетін болсақ, ол өзі б.з. 50-100 жылдар арасында жазылған, және оның 5000-нан астам көшірмесі бар. Олардың барлығы түпнұсқа жазуларынан кейін 50-225 жыл ішінде жазылған. Сонымен қатар, Жазбаларға келгенде, дін мұғалімдері (монахтар) түпнұсқа қолжазбаларын көшіргенде мұқият жасайтын. Олар өз жұмыстарын қайта-қайта тексеріп отырды, сол арқылы олар өте жақсы сәйкестікке көз жеткізуге мүмкіндік алды. Жаңа Келісім жазушыларының бастапқыда жазғандары қандай да бір ежелгі қолжазбаға қарағанда жақсырақ сақталған деп айтуға болады. Біз Цезарь, Платон, Аристотель және Гомер жазбаларына қарағанда, Исаның өмірі мен сөздері туралы оқығандарымызға байланысты көбірек сенімді бола аламыз.

Жаңа Келісімді басқа көне жазбалармен салыстыру үшін, мұнда басыңыз.

Ізгі хабарларда жазылған Иса туралы мәліметтерге сенудің көптеген басқа себептері.

Жаңа Келісім жазушыларының төртеуі Исаның өмірі туралы баяндағанда өздерінің де өмірбаяндарын жазды. Бұл - төрт Ізгі хабар, Жаңа Келісімнің алғашқы төрт кітабы. Тарихшылар сол өмірбаяндардың сенімді екендіктерін анықтауды көздегенде, олар былай деп сұрақ қойды: «Осы адам туралы бірдей мәліметтерді қанша басқа дерек көздерден табуға болады?»

Бұл былай жұмыс жасайды. Мысалы, президент Джон Ф. Кеннеди өмірбаяндарын жинап жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Сіз оның отбасысын, оның төрағалығын, оның адамды айға жеткізу туралы мақсатын және оның Кубалық Ракеталық Дағдарысты шешкенін сипаттайтын көптеген өмірбаяндарын таба аласыз. Исаға қатысты, оның өмірі туралы ұқсас фактілерді баяндайтын көптеген өмірбаяндар бар ма? Ия. Міне, мына жерде Иса туралы фактілердің топтамасы берілген және олардың өмірбаяндарының әрқайсысында сіз бұл фактіні таба аласыз.

  Матай Марқа Лұқа Жохан
Ол Бетлехемде туылған 1:18-25 - 1:27, 34 -
Ол Бетлехемде туылған 2:1 - 2:4 -
Ол Назаретте өмір сүрді 2:23 1:9, 24 2:51, 4:16 1:45, 46
Исаны Шомылдырушы Жақия суға
шомылдыру рәсімінен өткізді
3:1-15 1:4-9 3:1-22 -
Ол ауруларды сауықтыру
кереметтерін жасады
4:24, etc. 1:34, etc. 4:40, etc. 9:7
Ол су бетімен жүрді 14:25 6:48 - 6:19
Ол бес күлше нан мен екі балықпен
бес мың адамды тамақтандырды
14:7 6:38 9:13 6:9
Иса қарапайым адамдарға тәлім берді 5:1 4:25, 7:28 9:11 18:20
Ол қоғамнан шеттетілген
адамдармен уақыт өткізді
9:10, 21:31 2:15, 16 5:29, 7:29 8:3
Ол дін басыларымен дауласты 15:7 7:6 12:56 8:1-58
Дін басылары Исаны өлтіру
жайлы қастандық ойлады
12:14 3:6 19:47 11:45-57
Олар Исаны римдіктердің
қолына ұстап берді
27:1, 2 15:1 23:1 18:28
Исаға дүре соғылды 27:26 15:15 - 19:1
Ол айқышқа керілді 27:26-50 15:22-37 23:33-46 19:16-30
Оның денесі қабірге қойылды 27:57-61 15:43-47 23:50-55 19:38-42
Иса өлімнен қайта тірілді және
Өзінің соңынан ергендерге көрінді
28:1-20 16:1-20 24:1-53 20:1-31

Өмірбаяны берілген Інжілдің екі нұсқасын елшілер Матай мен Жохан жазған, олар Исаны жеке танып, үш жылдан астам уақыт Оның қасында бірге жүрген адамдар болған. Басқа екі кітапты Марқа мен Лұқа жазған, олар елшілердің жақын араласқан адамдары болды. Бұл жазушылар өздері жазып қалдырған фактілерге тікелей қол жеткізе алған. Олар жазбаларын жазған кезде Исаның айтқан сөздерін естіген, адамдарды сауықтырғанда және кереметтер жасағанда өз көздерімен көріп, куә болған адамдар әлі де тірі еді.

Сондықтан ертедегі қауым төрт Ізгі хабарды қабылдады, өйткені олар Исаның өмірі туралы бұрыннан танымал болған нәрселермен келіседі.

Матай, Марқа, Лұқа және Жохан Ізгі хабарларының әрқайсысы нақты болған жаңалықтар туралы хабарлар ретінде, болған оқиғалардың нақты есебі ретінде жазылған, бірақ әрқайсысының өз көзқарастары болды. Әр жазушының берген сипаттамалары ерекше болғанымен, бірақ фактілер арасында сәйкестілік сақталған.

Ізгі хабарлардың бірінің үлгісін алу үшін, мұнда басыңыз.

Міне, осы себептен Ізгі хабарлар жазылған.

Исаның өлімі мен қайта тірілуінен кейінгі алғашқы жылдарда Иса туралы жазбаша түрде өмірбаянын жазуға еш қажеттілік болмады. Иерусалим аймағында өмір сүрген адамдар өздері Исаның куәгерлері болған және оның қызметін жақсы білетін.6

Алайда, Исаның хабарлары Иерусалимнен тыс жерлерге тараған кезде, куәгерлер бола бермеген жағдайда, басқа адамдарға Исаның өмірі мен қызметі туралы білім беру үшін жазбаша түрде баяндап беру қажеттілігі пайда болды.

Егер сіз Иса туралы көбірек білгіңіз келсе, осы мақала сізге оның өмірін қысқаша баяндап береді: Соқыр сенімнен тысқары.

Жаңа Келісім кітаптары қалай анықталды.

Алғашқы қауым Жаңа Келісім кітаптары жазылғаннан кейін оларды бірден дерлік қабылдады. Алдында айтып кеткеніміздей, жазушылар – бұл алғашқы қауым басшылығын Исадан қабылдаған және оның жақын достары мен тікелей ізбасарлары болған адамдар еді. Ізгі Хабарды жазған Матай мен Жохан, мысалы, Исаның ең жақын шәкірттері болған. Марқа мен Лұқа елшілердің бірге жүрген серіктері болып, елшілер арқылы Исаның өміріне қатысты мәліметтерге тікелей қол жеткізе алған.

Жаңа Келісім кітаптарын жазған тағы басқалары да Исаға жақын адамдар болған: Жақып пен Яһуда бастапқыда Исаға сенбей жүргендер, олар Исаның бауырлары еді. Петір 12 елшісінің бірі болған. Пауыл билік жүргізген діннің мүшесі болып, Мәсіхшілер дініне қарсы шыққандар қатарында жүріп бастап, бірақ кейін Исаның өлімнен қайта тірілгеніне көз жеткізіп, Исаның адал ізбасарына айналды.

Жаңа Келісім кітаптарындағы баяндамалар мыңдаған куәгерлердің өз көздерімен көргендерімен дәлме дәл келеді.

Басқа кітаптар жүздеген жылдардан кейін жазылған кезде, қауымның оларды жалған хабар ретінде есептеуі қиынға соққан жоқ. Мысалы, Яһуда жазған Ізгі Хабар Яһуда қайтыс болғаннан кейін Гностикалық секта арқылы шамамен б.з. 130-170 жылдары жазылған. Тома жазған Ізгі Хабар шамамен б.з. 140 жылы жазылған - елшілердің атын жамылып, қате жазылып, жалған жазбаның тағы бір мысалы. Осы және басқа Гностикалық Ізгі хабарлар Иса мен Көне Өсиеттің белгілі ілімдеріне қайшы келіп, көптеген тарихи және географиялық қателіктерге толы болды.7

Ал 367 жылы Афанасий ресми түрде 27 Жаңа Келісім кітаптарын (бүгін күнде бізде бар тізіммен бірдей) тіркеді. Көп ұзамай Джером мен Августин осы тізімді растап, таратқан. Алайда бұл тізім мәсіхшілердің көпшілігі үшін қажет емес еді. Жалпы айтқанда қауым Мәсіхтен кейінгі бірінші ғасырдан бастап, сол кітаптардың тізімін білген және пайдаланған.

Қауым грек тілінде сөйлейтін жерлердің шегінен асып шыққанда және бөлінген секталар өзінің бәсекелесетін қасиетті кітаптарымен қабаттаса бастағанда, сол кездерде Жазбаларды аудару қажеттігі пайда болып, анықталған кітаптардың тізімін бекіту маңыздылығы арта бастады.

Тарихшылар Киелі кітапта Иса туралы айтылғандарды растайды.

Бізде түпнұсқалық қолжазбалардың жақсы сақталған көшірмелері ғана емес, сонымен бірге еврей және рим тарихшыларының куәліктері бар.

Ізгі хабарларда назареттік Исаның көптеген кереметтер жасап, римдіктер арқылы өлімге кесіліп, өлімнен қайта тірілгені туралы айтылады. Көптеген ежелгі тарихшылар Киелі кітаптағы Исаның және оның ізбасарларының өмірі туралы деректерді растайды:

Бірінші ғасырдағы Рим тарихшысы Корнелиус Тацит (біздің заманымыздың 55-120 жылдары) ежелгі әлемнің ең анық жазған тарихшыларының бірі болып саналады.8 Тациттың жазбаларынан алынған үзіндіде мынадай мәліметтер бар, Рим императоры Нерон «Мәсіхшілер деп аталатын ... топты ең зор азаптауларға жол берді…… Христос [Мәсіх] деп аты шыққан біреу Тиберияның билігі кезінде Понти Пилаттың қолынан үлкен жазаға ұшырады …»9

Яһуди тарихшысы Иосиф Флавий (біздің заманымыздың 38-100 жж.) Иса туралы өзінің Еврейдің Ежелгі дәуірінде жазған. Иосиф Флавийден «біз Исаның ғажайып ерліктер жасаған, көптеген адамдарды үйреткен, яһудилер мен гректердің арасынан ізбасарларды жинаған, Мәсіх деп танылған ақылды адам екенін білеміз және яһуди басшыларының айыбымен Пилаттың үкімімен айқыш ағашқа шегеленіп, сотталды және қайта тірілді деп есептелгенін түсіндік».10

Сюитониус, Плиний Кіші, сондай-ақ Таллус Жаңа Келісімнің жазбаларына сәйкес келетін мәсіхшілердің ғибадат етуі мен қудалануы туралы мәліметтер қалдырған.

Тіпті, яһудилердің Талмұды, Исаға жақындатылмаған болса да, оның өмірінің басты оқиғаларына келіседі. Талмұдта «біз Исаның некеден тыс дүниеге келгенін, шәкірттер жинағанын, өзіне өзі куәлік бере алғанын және ғажайыптар жасағанын білеміз, бірақ бұл кереметтердің Құдайға емес, сиқырға байланысы бар».11

Бұл ежелгі тарихшылардың Рим империясының шалғай провинцияларынан келген жасырын раввиндерге емес, саяси және әскери көшбасшыларға назар аударғаны туралы тамаша ақпарат. Дегенмен ежелгі тарихшылар (яһудилер, гректер және римдіктер) тіпті өздерін сенушілер ретінде санамағанымен, Жаңа Келісімде ұсынылған негізгі оқиғаларды растайды.

Ізгі хабарларда жазылғандарды Исаның шын мәнінде айтқан-айтпағаны және істеген-істемегені маңызды ма?

Ия. Сенім үшін, оның құндылығы болу үшін ол фактілерге, шындыққа негізделуі керек. Міне, сондықтан. Егер сіз Лондонға ұшатын болып шешім қабылдаған болсаңыз, онда ұшақтың жанармай мен механикалық тұрғыдан сенімді екеніне, пилот арнайы дайындықтан өткеніне және бортында ешқандай террористердің жоқ екеніне сенімді болғыңыз келетін шығар. Алайда сіздің сеніміңіз Лондонға апаратын нәрсе емес. Сенім сіз үшін ұшаққа отыруыңызға қажет. Бірақ, шын мәнісінде, сізді Лондонға жеткізетін ұшақ, ұшқыштың және т.б. сенім артуға тұрарлығы. Сізге өткен рейстердің жағымды тәжірибесіне сүйенуіңізге болады. Бірақ сіздің оң тәжірибеңіз осы ұшақты Лондонға жеткізу үшін жеткіліксіз болып табылады. Маңыздысы - сенімді кімге және неге артасыз - ол сенім артуға лайықты ма?

Жаңа Келісім Исаның шынайы, сенімді нұсқасы бола алады ма? Ия. Біз Жаңа Келісімге сене аламыз, өйткені оны растайтын нақты фактілер бар. Бұл мақала келесі сұрақтарға тоқталды: тарихшылардың растауы, археология қазбаларының растауы, төрт Ізгі хабардағы өмірбаяндар арасында келісім бар, құжат көшірмелерінің тамаша сақталуы, аудармаларда жоғары дәлдік бар. Мұның бәрі бүгінгі күнде оқып жүрген жазбаларға - бастапқыда жазушылар нақты өмірде, нақты жерлерде жазған және тәжірибе алған дүние ретінде қабылдап, сенім артуға берік негіз береді.

Жазушылардың бірі, Жохан былай деп қорытындылайды: « Иса шәкірттерінің көз алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер істеді. Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған».12

 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?

Сілтемелер: (1) Стробел, Ли. «The Case for Christ”(Зондерван баспа үйі, 1998), б. 132. (2) Танымал яһуди археологы Нельсон Глуек былай деп жазған: «Археологиялық ашылулардың ешқайсысы ешқашан Киелі кітаптың сілтемесіне қарсы келмегені жайлы кесімді мәлімдеме жасауға болады». МакДауэлл, Джош келтірген дәйексөз. (3) Стробел, б. 143-144. (4) Гейслер, Норман Л. Мәсіхшілік апологетикасы, Бэйкер энциклопедиясы (Гранд Рапидс: Бэйкер, 1998). (5) МакДауэлл, Джош. Үкімді талап ететін айғақ (1972), б. 19. (6) Елшілердің істері 2:22, 3:13, 4:13, 5:30, 5:42, 6:14, etc. (7) Брюс,Ф.Ф. Кітаптар мен Жарғақтар: Біздің ағылшын тіліндегі Киелі Кітап қалай пайда болдыe (Флеминг Х. Ревелл Баспасы, 1950), б. 113. (8) МакДауэлл, Джош. Үкімді талап ететін жаңа айғақ (Томас Нэлсон Баспасы, 1999), б. 55. (9) Тацит, A. 15.44. (10) Уилкинс, Макл Дж. & Морлэнд, Дж.П. Иса оқтың астында (Зондерван баспа үйі, 1995), б. 40. (11) дәл сол жерде. (12) Жохан жазған Ізгі хабар 20:30,31

Басқалармен бөлісу:  

TOP