Үшбірлікті түсіндіріп бере аласыз ба?

Сұрақ: «Үшбірлік, Киелі Үшбірлік доктринасын қалай түсіндіруге болады?»

біздің Жауап: «Үшбірлік» термині Киелі кітапта кездеспейді, алайда бұл сөз Киелі жазбадан Құдай жайында ненің айқын екенін сипаттауға қолданылады. Киелі кітап Құдай Әке жайында, Құдай Ұлы (Иса Мәсіх), Құдай Киелі Рух жайында анық айтады… сонымен қатар тек жалғыз Құдай бар екендігін бізге анық көрсетеді. Сондықтан, үш мағынасындағы «Үш» термині, және бір мағынасындағы «Бірлік», үш+бір = Үшбірлік. Осылай біз Киелі кітаптың бізге Құдай – Ол бір Құдайлық болмысқа ие үш тұлға Құдай екендігі жайында ашылуын мойындаймыз.

Кейбіреулер Үшбірлікті адам санасына жетенін мысалдармен түсіндіруді тырысқан. Мысалға, H2O-ны су, мұз жане бу күйінде білеміз (қалыптары әр түрлі болғанымен, құрамы бір H2O). Басқа мысалға жұмыртқа жатады, ол қабық, жұмыртқа саруызы және жұмыртқа ақуызынан тұрады, бірақ бұл мысал Құдайды «бөліктерден» тұратын етіп көрсетеді, ал бұл олай емес.

Құдай Ұлы (Иса) – толық және біртұтас Құдай, Құдай Әке – толық және біртұтас Құдай. Және Құдай Киелі Рух – толық және біртұтас Құдай. Сондада, тек бір Құдай бар. Біздің әлемімізде, біздің шектеулі адамдық тәжірибемізде, Үшбірлікті түсіну өте қиын. Бірақ әуел бастан Киелі жазбадан Құдай бізге Өзін осылай қөрсетеді. Жаратылыстың басталуы 1:26-да көпше түрде қолданылған «біз» және «өзіміз» деген сөзге назар аударыңыздаршы – «Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін, — деді».

Міне, толық болмағанымен де, Құдайдың Үшбірлікте бір екенін көрсететін Киелі кітапта келтірілген аяттардың тізбесі:

  • «Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!» (‎Заңды қайталау‎ 6:‎4).
  • «Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын» (‎Ишая‎ 45:‎5).
  • «… жалғыз Құдайдан басқа еш құдайдың жоқ екенін білеміз» (‎Қорынттықтарға 1-хат‎ 8:‎4).
  • «Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» - деген дауыс естілді» (‎Матай‎ жазған Ізгі хабар 3:‎16‎-17).
  • «Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер» (‎Матай жазған Ізгі хабар 28:‎19).
  • «Әкем Екеуіміз біртұтаспыз» (‎Жохан жазған Ізгі хабар‎ 10:‎30).
  • «… Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені» (‎Жохан жазған Ізгі хабар ‎14:‎9).
  • «Әрі Мені көрген кісі Мені Жібергенді де көреді» (‎Жохан жазған Ізгі хабар 12:‎45).
  • «Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан». (‎Матай‎ жазған Ізгі хабар 1:‎20).
  • «… Ал бойында Мәсіхтің Киелі Рухы жоқ адам — Мәсіхтің адамы емес» (‎Римдіктерге хат хат‎ 8:‎9).
  • «Періште оған былай деп жауап берді:— Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ» (‎Лұқа‎ жазған Ізгі хабар 1:‎35).
  • «Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
    … Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз» (‎Жохан жазған Ізгі хабар‎ 14:‎16‎-17, 23).
 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?
Басқалармен бөлісу:  

TOP